ҚР ТЖМ
Қазақстандық құтқарушылардың екінші эшелоны Түркияның Газиантеп қаласына қонды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта жабдықтар мен жеке құрамды түсіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осыдан кейін жаңадан келген құтқарушылар үшін іздестіру-құтқару жұмыстарына арналған учаскелер айқындалады.