25 сәу, 2022 сағат 18:24

Қазақстандық кәсіпкерге іздеу жарияланды

Фото:elements.envato.com

Қаржы мониторингі агенттігі Қазақстан Республикасының азаматы Е.Қ. Медетбековке және кәсіпкер А.Б. Жексенғалиевке іздеу жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олар алдын ала сөз байласу арқылы топпен жасаған аса ірі сома 1,1 миллиард теңге көлеміндегі бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген. Таңдалған бұлтартпау шарасы - қамауға алу.

Іздестіріліп жатқан адамды көрген, орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білетіндер агенттіктің сенім телефондына хабарлауды сұраймыз +7 7172 708 478, +7 7172 767 921 немесе Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 10 мекенжайы бойынша келіңіздер.

Іздеудегі адамның орналасқан жері туралы сенімді ақпарат берген адам үшін ақшалай сыйақы қарастырылған, анонимділікке кепілдік беріледі.