01 мау, 2021 сағат 14:28

Қазақстандағы интернет жоқ ауылдарға Wi-Fi тарататын пункттер орнатыла бастады


Интернет жоқ Ақмола облысының Андреевка ауылында eQoldau ашық қолжетімділіктің бірінші пункті орнатылды. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі хабарлады. Жоба ауылдық жерлерде eQoldau пункттері желісін құруды көздейді, деп хабарлады ведомство. Осылайша, өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары Қазақстан бойынша 553 ауылдық әкімдікте орнатылады, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

Мұнда адамдар мемлекеттік қызметтерді ала алады, электрондық еңбек биржасының сервисін пайдалана алады, маркетплейстерде техника мен түрлі тауарларды, сондай-ақ пойыздар мен ұшақтарға билеттерді сатып ала алады.

Сонымен қатар коммуналдық қызметтер үшін онлайн-төлемдер жасай алады, ақша аударымдарын жасай алады, дәрігердің қабылдауына жазыла алады және телемедицина сервистеріне қол жеткізе алады. Жаңашлдық арқасында ауыл тұрғынары пошта қызметтеріне және курьерлік жеткізуге тапсырыс бере алады.

Сонымен қатар eQoldau пункттері Wi-Fi таратады және ауыл тұрғындары өздерінің гаджеттерінде интернетке қосыла алады.

Ақмола облысы Андреевка ауылының әкімдігінде бірінші ашық кіру пункті орнатылды.

"ҚҚО-ны қала мен ауыл арасындағы цифрлық теңсіздікті жоюдың тағы бір қадамы деп санауға болады (...) Андреевка біз осындай құрылғыны орнатқан алғашқы ауыл. Менің ойымша, барлық ауылдық елді мекендерге біз осы сервисті енгіземіз", - деп атап өтті цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек.

Айта кетейік, біраз уақыт бұрын цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Британдық OneWeb компаниясымен өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Қол қойылған меморандумға сәйкес, министрлік пен OneWeb спутниктік байланыс саласында тығыз ынтымақтасатын болады.

Цифрлық даму министрлігінің хабарлауынша, бұл тараптарға Қазақстан аумағын, оның ішінде шалғай және қатынауы қиын ауылдық елді мекендерді OneWeb байланыс спутниктері арқылы жоғары жылдамдықты кең жолақты интернетпен жаппай қамту мәселесін пысықтауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, қос тарап Қазақстан астанасында ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешені базасында OneWeb спутнигіне жиынтықтауыштарды құрастыру бойынша ынтымақтастықты қарастыруда.

Сонымен қатар Орталық Азияны спутниктік интернетпен қамтамасыз ететін OneWeb Орталық Азия техникалық орталығын ашу жоспарланған.

OneWeb – бүкіл әлем тұрғындарын интернетке кеңжолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету бойынша Ұлыбританияда тіркелген компанияның жобасы. Ол үшін компания спутниктердің үлкен тобын іске қосуды бастады, олардың жалпы саны 2000 болады деп жоспарланып отыр. Барлық құрылғы 2026 жылға қарай орбитаға шығарылатындығы туралы хабарланды.

Ал соңғы ақпаратқа сәйкес, Қазақстанда 1 200-ге жуық ауыл әлі күнге дейін желісіз өмір сүріп жатыр.

510 ауылда интернет сапасы нашар. Сондықтан цифрлы даму министрлігі 2022 жылдың соңына дейін 510 ауылдық округті сапалы интернетпен қамтамасыз етуді мақсат етіп отыр. Ал 1 200 ауылдық округке келетін болсақ, онда Интернет беру OneWeb-пен келісім аясында жүзеге асырылатын болады, деп мәлімдеген еді Бағдат Мусин. Министрдің айтуынга, 50-ден аз адам тұратын елді мекендерге интернет өткізу мәселесі әлі талқыланып жатыр.

Сонымен қатар цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин бір сөзінде 2024 жылы KazSat-2 спутнигін пайдалану аяқталғаннан кейін елдің Интернетпен қалай қамтамасыз етілетінін айтты.

"Шын мәнінде, KazSat-2 және KazSat-3 75% жүктелген. Біз бүгінде ғарыш саласындағы оқиғалардың технологияларды ауыстыру тұрғысынан қаншалықты қарқынды дамып жатқанын көріп отырмыз. KazSat-2 және KazSat-3 геостационарлық спутниктер болып табылады, олар шынымен де интернетті ұсынады. Бірақ бұл интернеттің жылдамдығы секундына 10 мегабит. Ал біз қазір жалпы технологиялардың дамығанына және 2019 жылға дейін стартап режимінде жұмыс істеген төменгі орбиталық топтардың 2020 жылы өнеркәсіптік пайдалануға шыққанына назар аударамыз",-деді Бағдат Мусин.

Естеріңізге сала кетейік, интернет жоқ Ақмола облысының Андреевка ауылында eQoldau ашық қолжетімділіктің бірінші пункті орнатылды. Жоба ауылдық жерлерде eQoldau пункттері желісін құруды көздейді, деп хабарлады ведомство. Осылайша, өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары Қазақстан бойынша 553 ауылдық әкімдікте орнатылады. Мұнда адамдар мемлекеттік қызметтерді ала алады, электрондық еңбек биржасының сервисін пайдалана алады, маркетплейстерде техника мен түрлі тауарларды, сондай-ақ пойыздар мен ұшақтарға билеттерді сатып ала алады.