Қазақстанда төлқұжат беру үшін мемлекеттік баждың сараланған мөлшерлемесін енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, - деп хабарлайды Kaz.tеngritravel.kz.
Министр Мәжіліс отырысында құжаттағы парақтың (беттің) санына байланысты Қазақстан азаматының паспортын беру үшін мемлекеттік баждың сараланған мөлшерлемелері ұсынылатынын айтты.
"Беттерге байланысты, егер біреу 36 бетті қаласа, ол бір соманы төлейді, егер 24 бет болса - басқа соманы төлейді", - деп түсіндірді Қуантыров Мәжілісте журналистерге.
Сонымен қатар, оның айтуынша, балаларға төлқұжат беру үшін мемлекеттік баж салығын екі есеге төмендету қарастырылған.
Нормалар "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" кодекске (Салық кодексі) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" кодексті (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" заң жобаларына енгізілді.
Мәжіліс депутаттары бірінші оқылымда өзгерістерді қолдады.