13 шіл, 2022 сағат 09:45

Қазақстанда тағы 820 адамнан коронавирус анықталды


Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 820 жағдай тіркелді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Осылайша елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 311 190-ға жетті. 

Оның ішінде:

  • Нұр-Сұлтан қаласында - 180,
  • Алматы қаласында - 280,
  • Шымкент қаласында – 87,
  • Ақмола облысында – 8,
  • Ақтөбе облысында – 3,
  • Алматы облысында - 67,
  • Атырау облысында - 17,
  • Шығыс Қазақстан облысында - 12,
  • Жамбыл облысында - 35,
  • Батыс Қазақстан облысында - 7,
  • Қарағанды облысында - 56,
  • Қостанай облысында - 9,
  • Қызылорда облысында - 19,
  • Маңғыстау облысында - 10,
  • Павлодар облысында - 8,
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 9,
  • Түркістан облысында - 13.

13 шiлдедегi мәлімет бойынша, 3 700 адам коронавирус инфекциясынан (–3 628+ және 72 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 433 пациент - стационарда, 3 267 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 16 адамның жағдайы ауыр.