Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 3 095 адам тіркелді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.
Осылайша елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 344 360-қа жетті.
Оның ішінде:
- Нұр-Сұлтан қаласында - 918,
- Алматы қаласында - 694,
- Шымкент қаласында – 78,
- Ақмола облысында – 119,
- Ақтөбе облысында – 47,
- Алматы облысында - 101,
- Жетісу облысында - 129,
- Атырау облысында - 76,
- Шығыс Қазақстан облысында - 25,
- Абай облысында - 55,
- Жамбыл облысында - 121,
- Батыс Қазақстан облысында - 87,
- Қарағанды облысында - 327,
- Ұлытау облысында - 35,
- Қостанай облысында - 55,
- Қызылорда облысында - 63,
- Маңғыстау облысында - 36,
- Павлодар облысында - 67,
- Солтүстік Қазақстан облысында - 40,
- Түркістан облысында - 22.
Сондай-ақ 29 шiлдедегi мәлімет бойынша, елде 24 285 адам коронавирус инфекциясынан (–24 080+ және 205 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 1 490 пациент стационарда, 22 795 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
36 адамның жағдайы ауыр,
12 пациенттің жағдайы өте ауыр,
5 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.