Өткен тәулікте Қазақстанда тағы 1747 адамның ПТР тесті оң шықты. Екі күн бұрын 80 адамнан коронавирус пневмониясы табылған. 26 адам коронавирустан қайтыс болған: 24 адам – коронавирустан, 2 адам коронавирус пневмониясынан көз жұмды деп айтылады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
27 мамырда Қарағанды облысында – 324, Нұр-Сұлтанда – 246, Алматыда – 279, Ақмола облысында – 127, Алматы облысында – 97, Павлодар облысында – 105, Батыс Қазақстан облысында 95 адамнан коронавирус анықталды. Шымкентте – 63, Ақтөбе облысында – 53, Атырау облысында – 85, Шығыс Қазақстан облысында – 95, Жамбыл облысында – 17, Қостанай облысында – 42, Қызылорда облысында – 13, Маңғыстау облысында – 42, Солтүстік Қазақстан облысында – 40, Түркістан облысында 24 науқас тіркелген.
2020 жылдың 13 наурызынан бері 381 907 адамның ПТР тесті оң шыққан, 3903-і қайтыс болған.
2020 жылдың 1 тамызынан бері елде 55 024 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған. 3351-і қайтыс болған.
Өткен аптада Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі індет басталғалы бері бір жыл төрт ай ішінде тіркелген деректер "нақтыланғаннан кейін" коронавирустан қайтыс болғандар дерегіне 2 мыңнан астам адам өлімін енгізген.
28 мамыр күнгі мәлімет бойынша, Қазақстанда 2 млн 76 мың адамға коронавирусқа қарсы вакцинаның кемінде алғашқы дозасы салынған. 1 млн 21 мыңнан астам адам вакцинаның екі дозасын алған.
Қазір Ақмола, Қарағанды облыстары, Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары "қызыл аймақта" тұр. Атырау, Павлодар, Батыс Қазақстан облысы, Қостанай облысы, Солтүстік Қазақстан облысы "сары аймақта" тұр. Қалғаны облыстар "жасыл аймақта".
Сондай-ақ, 28 мамырдағы мәлімет бойынша, 30 153 адам коронавирус инфекциясынан (29 576 КВИ+ және 577 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 11 432 пациент стационарда, 18 721 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 665 адамның жағдайы ауыр,
• 154 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 101 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Америкалық Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 168 млн адамға жеткен. 3 млн 507 мың адам вирустан қайтыс болған.