31 мам, 2021 сағат 11:10

Қазақстанда тағы 1432 адамнан коронавирус пен пневмония анықталды


Қазақстанда тағы 1405 адамның анализінен коронавирус анықталды. Екі күн бұрынғы мәлімет бойынша, 27 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. 22 адам қайтыс болған: 20 адам - коронавирустан, 2 адам коронавирус пневмониясынан көз жұмған. 

30 мамырда Қарағанды облысында – 323, Нұр-Сұлтанда – 172, Алматыда – 230, Ақмола облысында – 80, Алматы облысында – 89, Павлодар облысында – 65, Батыс Қазақстан облысында 75 адамнан коронавирус анықталды. Шымкентте – 39, Ақтөбе облысында – 32, Атырау облысында – 49, Шығыс Қазақстан облысында – 79, Жамбыл облысында – 24, Қостанай облысында – 41, Қызылорда облысында – 15, Маңғыстау облысында – 36, Солтүстік Қазақстан облысында – 40, Түркістан облысында 16 науқас тіркелген.

Індет басталғалы бері 386 549 адамның ПТР тесті оң шыққан. 3955-і қайтыс болған. Қазір 26 мыңнан астамы емделіп жатыр. 

Ал 2020 жылдың 1 тамызынан бері коронавирус пневмониясына шалдыққандар 55 252 адамға жетті. 3366-ы қайтыс болған. Қазір 567-і емделіп жатыр. 

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратынша, 668 науқастың жағдайы ауыр, 152 науқастың жағдайы өте ауыр, 97 науқас жасанды тыныс аппаратына қосылған.

31 мамыр күнгі ақпарат бойынша, 2 млн 114 мың адам коронавирусқа қарсы вакцинаның кемінде бір дозасын алған. 1 млн 55 мың адам екі дозасын алған. Азаматтарға ресейлік "Спутник V", қазақстандық QazVac және қытайлық Sinopharm компаниясының БАӘ-де өндірілген вакцинасы салынып жатыр. 

Америкалық Джонс Хопкинс университетінің дерегінше, індет басталғалы бері әлемде 170 млн 189 мың адамнан коронавирус анықталған. 3 млн 538 мың адам қайтыс болған.