11 там, 2022 сағат 10:00

Қазақстанда тағы 1 651 адам коронавирус жұқтырған


Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 651 жағдай тіркелді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.

Осылайша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 372 634-ке жетіп отыр.

Оның ішінде:

  • Нұр-Сұлтан қаласында - 370, 
  • Алматы қаласында - 185, 
  • Шымкент қаласында – 16,
  • Ақмола облысында – 109,
  • Ақтөбе облысында – 82, 
  • Алматы облысында - 16,
  • Жетісу облысында - 53,
  • Атырау облысында - 48, 
  • Шығыс Қазақстан облысында - 29,
  • Абай облысында - 26,
  • Жамбыл облысында - 33, 
  • Батыс Қазақстан облысында - 118, 
  • Қарағанды облысында - 191,
  • Ұлытау облысында - 37,
  • Қостанай облысында - 89, 
  • Қызылорда облысында - 22, 
  • Маңғыстау облысында - 34, 
  • Павлодар облысында - 105, 
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 78, 
  • Түркістан облысында - 10.

Сондай-ақ 11 тамыздағы мәлімет бойынша, 25 026 адам коронавирус инфекциясынан (–24 692+ және 334 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 1 242 пациент стационарда, 24 692 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

38 адамның жағдайы ауыр,

7 пациенттің жағдайы өте ауыр,

4 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.