06 қыр, 2024 сағат 16:18

Қазақстанда студенттерді жатақханаға биометриялық сәйкестендіру арқылы кіргізу енгізілмек

Фото: ашық дереккөз

Қазақстанда студенттерге жатақханаға биометриялық сәйкестендіру арқылы кіргізу енгізілмек. Бұл бөтен адамдардың рұқсатсыз өтпеуіне көмектеседі, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат"  Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Бұйрықтың тиісті жобасын Білім министрлігі "Ашық НҚА" порталында жариялады.

Қазір студенттер туралы ақпарат Ұлттық білім беру дерекқоры арқылы тексерілуде. Содан кейін ол ақпараттың өзекті және сенімді екендігіне көз жеткізу үшін мемлекеттік базамен салыстырылады.

Білім министрлігі жатақханалардағы кіруді басқару құрылғыларымен байланысты StudDom жүйесін пайдалануды ұсынады. Бұл карта мен биометриялық сәйкестендіруді (Face ID) пайдаланып, жатақханаға кімнің кіріп-шығатынын бақылауға көмектеседі.

"Студенттердің нақты тұрғылықты жері бойынша қосымша мәліметтер қажет болған жағдайда оператор жатақханада тұратындарға іріктеп қоңырау шалады", - делінген құжатта.  


Жоба 20 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауға ашық.