Жыл сайын еліміз аумағында полицияның 78 учаскелік пунктін салу ескерілген. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Баймұқашев айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Алдағы бес жыл мерзімде әр жыл сайын полицияның 78 учаскелік пунктін салу ескерілген. Министр өңір әкімдерімен тиісті меморандумдарды бекітті. Сонымен бірге, учаскелік пунктердің орналасуына ерекше мән біреледі. Қазіргі кезде тек қалаларда учаскелік жұмыс орындарының 30 пайызы қызмет көрсететін учаскеден алшақ орналасқан», - деді комитет басшысы Орталық коммуникациялар қызметінде.
Оның айтуынша, бұл учаскелердің 2 шақырым немесе одан да алыс жерде орналасатыны кездеседі. Осының салдарынан тұрғындар учаскелік инспекторға бара бермейді. Сондықтан учаскелік инспекторлардың орналасу орнын қызмет көрсететін аумаққа барынша жақындату мәселесі пысықталып жатыр.