31 нау, 2026 сағат 15:47

Қазақстанда пилотсыз автомобильдер жобасы іске қосылады – ЖИЦДМ

Фото: ашық дереккөз

Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Үкімет отырысында пилотсыз технологияларды дамытуға ерекше көңіл бөлінетінін айтты, деп хабарлайды Ult.kz.

Қазақстанда халықаралық технологиялық компаниялардың қатысуымен пилотсыз автомобильдердің эксперименттік жобасын іске қосу жоспарлануда. Жобаны іске асыру мерзімі – 2026 жылдың ІІ тоқсаны.

Елімізде технологиялық шешімдерді енгізу үшін қажетті инфрақұрылым қалыптасуда. Жеке бастама шеңберінде жеткізуші дрондарды енгізу бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылуда. Бұл қалалық ұтқырлық пен логистиканың жаңа үлгілерін сынауға мүмкіндік береді.