сурет ашық дереккөзден алынды
Оқу ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп оқулықтары қашан цифрлық форматқа көшірілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.
"2024 жылы мектеп пәндері 100 пайыз цифрлық форматқа көшіріледі. Балалардың мектеп пәндерін оқуға деген қызығушылығын арттыру үшін цифрлық контентке виртуалды зертханалар мен геймификация элементтері енгізілген", - деді министр үкімет отырысында.
Оның айтуынша, қазіргі таңда оқулықтардың 79 пайызы цифрландырылып, мемлекеттік сараптамадан өтіп, ресми тізімге енгізілген.
"Цифрлық оқулықтарды әзірлеуге еліміздің 11 баспасы жұмылдырылды. Пәндерді оқытудың инновациялық әдістерін енгізу мақсатында мұғалімдердің пайдалануы үшін әдістемелік ұсыныстар әзірленіп, ағымдағы жылы оларды оқыту жоспарланып отыр", - деп түсіндірді министр.