22 жел, 2020 сағат 15:33

Қазақстанда коронавирустан бір аптада 49 адам қайтыс болды

14 және 20 желтоқсан аралығында Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 49 адам көз жұмды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Өңірлер бойынша: 

Нұр-Сұлтан қаласында - 8

Алматы қаласында - 11

Шымкент қаласында - 1

Ақмола облысында - 2

Ақтөбе облысында - 1

Алматы облысында - 5

Атырау облысында - 4

Шығыс Қазақстан облысында - 4

Батыс Қазақстан облысында - 6

Қарағанды облысында - 2

Қостанай облысында - 1

Маңғыстау облысында - 1

Павлодар облысында - 3

Қазақстанда бүгінге дейін коронавирустан барлығы 2196 адам қайтыс болды. Ал 1 тамыз - 22 желтоқсан аралығында коронавирус белгілері бар пневмониядан 479 адам көз жұмды.