30 сәу, 2021 сағат 13:51

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина алғандар 1,1 миллионнан асты


30 сәуірдегі мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирусқа қарсы 1 184 124 адам вакцина салдырды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Министрлік ақпаратына сәйкес, коронавирусқа қарсы егілген 1 184 124 азаматтың 239 965-і вакцинаның 2 компонентін толық алған. 

Препараттың 2 бөлігін де салдырған тұрғындар бойынша алдыңғы орында Алматы қаласы қалып отыр – 46 854. Одан кейінгі орында: Алматы (22 084 адам) және

Түркістан (21 905 адам) облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласы (21 840 адам) тұр.