25 шіл, 2022 сағат 10:01

Қазақстанда коронавирус жұқтырған 2 мыңнан аса адам тіркелді


Қазақстанда кейінгі тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 2054 адам тіркелді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.

Осылайша елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 333 547-ге жетті. 

Оның ішінде: 

  • Нұр-Сұлтан қаласында - 806, 
  • Алматы қаласында - 532, 
  • Шымкент қаласында – 46,
  • Ақмола облысында – 68, 
  • Ақтөбе облысында – 8, 
  • Алматы облысында - 83,
  • Жетісу облысында - 84,
  • Атырау облысында - 61, 
  • Шығыс Қазақстан облысында - 6,
  • Абай облысында - 26,
  • Жамбыл облысында - 76, 
  • Батыс Қазақстан облысында - 20, 
  • Қарағанды облысында - 130,
  • Ұлытау облысында - 0,
  • Қостанай облысында - 11, 
  • Қызылорда облысында - 36, 
  • Маңғыстау облысында - 14, 
  • Павлодар облысында - 28, 
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 8, 
  • Түркістан облысында - 11.

Сондай-ақ, 25 шiлдедегi мәлімет бойынша, елде 18 962 адам коронавирус инфекциясынан (–18 796+ және 166 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 1 280 пациент стационарда, 17 682 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

32 адамның жағдайы ауыр,

7 пациенттің жағдайы өте ауыр,

5 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.