Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустан - 29 адам, вирустық пневмониядан үш адам қайтыс болды, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
Тәулік ішінде 2 894 адамнан коронавирус инфекциясы және 107 адамнан пневмония анықталды.
23 сәуірдегі жағдай бойынша КВИ-ден 40 441 адам ем қабылдап жатыр, оның 14 387-і стационарда, ал 26 054 науқас амбулаториялық деңгейде емделуде.
КВИ + және КВИ- науқастарының арасында:
- ауыр жағдайда – 689 науқас;
- өте ауыр ауыр жағдайда – 171 науқас;
- жасанды тыныс алдыру аппаратында – 97 науқас.
Аймақтар бойынша қайтыс болғандар саны:
Нұр-Сұлтан қаласы - 7,Алматы қаласы - 12,
Шымкент қаласы - 2,
Ақмола облысы - 1,Ақтөбе облысы - 1,
Алматы облысы - 1,
Атырау облысы – 2,Батыс Қазақстан облысы - 1,
Қарағанды облысы - 2,Қызылорда облысы – 3.