25 қарашада Қазақстанда 168 адамнан коронавирус пневмониясы анықталды, бір күнде 82 науқас жазылды. Пневмонияның бұл түрінен 2 адам қайтыс болды.
1 тамыздан бері коронавирус пневмониясына шалдыққандар 41 595 адамға жеткен, 30 289-ы жазылған. 434 адам қайтыс болған.
Сәрсенбі күні коронавирус жұққаны ПТР-тестпен дәлелденген науқастар арасында 7 адам өлімі тіркелді. Наурыз айынан бері 2008 адам қайтыс болды. Өлім-жітімді зерттеу комиссиясы олардың өліміне "коронавирус" себеп болды дейді.
Елде коронавирус жұқтырғандар мен "пневмонияға" шалдыққандар 169 995 адамға жеткен.
Қазір коронавирус инфекциясынан – шамамен 11 мың, коронавирус пневмониясынан 11 мың адам емделіп жатыр. Коронавирус жұққаны тестпен расталғандар арасында 210 адамның жағдайы – ауыр, 32 адамның халі – өте ауыр, 30 адам тыныс алу аппаратына қосылған.