5 мамырдағы мәлімет бойынша Қазақстанда 1 486 543 адам вакцина салдырды. Бұл мәліметтерді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Telegram парақшасында жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Бұл ретте вакцинаның екі компонентін қатар салдырғандарың саны 400 740-қа жеткенін айта кету керек.
Вакцина салдырудан бұрынғыдай Алматы қаласы (234 516) мен Алматы облысы (168 234) көш бастап тұр.