30 қар, 2020 сағат 09:18

Қазақстанда қандай қылмыстар жиі жасалды – ІІМ

ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз соңғы аптадағы қылмыс фактілерін баяндады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Өткен аптада елімізде 3276 қылмыстық құқық бұзушылық тіркеліп, оның 2188-і «ізі суымай» ашылды. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің жедел әрекет етуі арқасында 8 адам өлтіру, 4 денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, 2 қарақшылық және 42 тонау оқиғалары әшкере болды», - деді ресми өкіл Н.Ораз онлайн-брифинте.