Фото: elements.envato.com
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстанда ғылыми кадрлардың жетіспеушілігі туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.
Министрдің айтуынша, университеттер ғылыми кадрлардың қайнар көзіне айналуы тиіс.
"Қазір бізде ғылыми кадрлар жетіспейді. Тәуелсіздіктің басында 52 мыңға жуық ғалым болса, 35 мың ғылыми қызметкерден айырылдық. Қазір ғылыми-зерттеу институттары мен университеттер базасында 22 мың ғылыми қызметкер жұмыс істейді. Біздің ендігі міндетіміз - жастарды ғылымға тарту", - деді министр.
Саясат Нұрбек ғылымды қаржыландырудың форматтары мен үлгілерін қайта қарау туралы да айтты.
"Біз ғылымға ақша жұмсаймыз. Ұлттық кеңестер арқылы гранттар ұйымдастырамыз. Бірақ негізгі сұрақ: осы ғылыми гранттардың барлығының нәтижесі қандай?
Бұл жердегі негізгі реформа бұл - біздің ғылымның барынша қолданбалы сипаты. Кез келген ғылыми-зерттеу нақты мәселені шешуі керек", - деп түсіндірді ол.