13 қыр, 2021 сағат 12:41

Қазақстанда бір аптада қандай қылмыстар жиі тіркелді - ІІМ


Бір аптада ел аумағында 3 мыңнан астам қылмыс тіркелді. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елдегі кримиогенді жағдайға тоқталайық, бір апта ішінде 3 354 қылмыс жасалды, оның 2 273-і тәулік ішінде ашылды», - деді Нұрділдә Ораз онлайн бирифингіде. 

Ресми өкілдің айтуынша, полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 11 кісі өлтіруді, 10 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 1 қарақшылық, 35 тонау және 536 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын анықтаған. 

Сонымен бірге, Ораз Ішкі істер министрінің атына азаматтардан полицейлерге алғыс айтқан хаттар жиі түсетінін атап өтті. 

«Мәселен, Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны Әділбек Нетбаев Анықтау басқармасының бастығы Қазбек Тақжановқа және анықтаушы Татьяна Титаренкоға қылмыстық істі тергеудегі жеделдігі үшін алғыс айтты. «Мен Полиция департаментіне жүгінгенімде олар өтінішіме бірден назар аударды. Оларды сауатты әрі жедел іс-әрекеттері нәтижесінде өндірістік жарақат фактісі бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды», - деп жазады Әділбек Нетбаев. Ол сондай-ақ полицейлердің қызметте табыс тіледі», - дейді Ораз.