Елімізде бір апта ішінде 3366 қылмыс тіркелді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі өткізген онлайн брифингте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Елімізде бір апта ішінде 3366 қылмыс жасалды, оның 2184-і тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» кісі өлтірудің – 13, өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің – 6, қарақшылықтың – 1, тонауға қатысты – 45 және бөтен мүлікті ұрлаудың 511 қылмысын ашты», - дейді ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз.
Еске сала кетсек, қаңтар айының соңғы аптасында 3146 қылмыс тіркеліп, оның 2042-і тәулік ішінде ізі суымай әшкереленді. Полиция қызметкерлері кісі өлтіруге қатысты – 8, өлімге апарып соқтырған қасақана денсаулыққа зиян келтірудің 8 қылмысын ашқан.