25 сотталушыға сот шешімімен химиялық кастрация жасалмақ. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Бүгінгі күні қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жатқан 25 сотталушыға сот шешімімен химиялық кастрация түріндегі медициналық мәжбүрлеу шарасы қолданылады», - дейді Алексей Милюк Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.