26 мам, 2021 сағат 10:28

Қазақстанда 2 млн-нан аса адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырған


Қазақстанда 26 мамырдағы жағдай бойынша, 2 035 781 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін салдырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап. 

Ал вакцинаның екінші компонентін салдырғандар саны 973 873 адамды құрап отыр. 

Айта кетейік, Асқар Мамин апта басында Үкімет отырысында вакциналау қарқынын арттыру қажеттігін айтқан болатын. 

Премьер-Министрдің айтуынша, вакцина қорларын толтыру, егу пункттерінің санын арттыру бойынша шаралар қабылданып жатыр. Вакцинаның болу-болмауы бойынша ешқандай проблема жоқ. 

«Қазір егу науқанын кеңейту пандемиямен күресуде ең маңызды міндет болып табылады. Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктерге вакциналау қарқынын арттыруды тапсырамын», - деді Асқар Мамин.