04 мам, 2021 сағат 16:26

Қазақстанда 100-ші балаға бүйрек трансплантациясы сәтті жасалды


Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында 100-ші балаға бүйрек трансплантациясы сәтті жасалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" UMC корпоративтік қорына сілтеме жасап.

29 сәуірде Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында еліміздегі 100-ші балаға бүйрек трансплантациясы жасалып, ота сәтті өтті. 

Орталықта бүйрек трансплантациясы 2012 жылдан бері жасалады. 2015 жылдан бастап Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында балаларға қайтыс болған адамдардан бүйрек трансплантациясы жасалады. 

Бүйрегі ауыстырылған ең кішкентай балаға 3 жас 6 ай, салмағы небәрі 10,5 келі болған. Отандық мамандар жасаған бүйрек трансплантациясының нәтижесі әлемдік клиникалармен бірдей. Мүше трансплантацияланған балалардың өмір сүру деңгейі Еуропадағыдай. Бүгінгі таңда бұл көрсеткіш 94,4% дейін жетеді. 

«Балаларды операцияға дұрыс дайындау ғана емес, сонымен қатар Нефрология және диализ бөлімінде өтетін операциядан кейінгі емдеу өте маңызды. Осыған байланысты біздің мамандарымызға дәрігер-эфферентолог, ересек реанимация-анестезиология бөлімінің командасына, балалар реанимациясы және анестезиология бөлімінің командасына, дәрігер-анестезиолог, хирургтер мен барлық урологтарға, бүйрек трансплантациясына қатысқан медбикелер мен анестезиологтарға зор алғыс білдіреміз», делінген хабарламада. 

Бүгінгі таңда аталмыш орталық бүйрек трансплантациясы бойынша Қазақстанда жалғыз. Отандық мамандардың емнің осы күрделі түрін меңгеруінің арқасында қазір бүйрек пен бауырды транплантациялауға мұқтаж балаларға шетелдік клиникаларға бармай-ақ қоюына болады.