ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Қазақстан Түркияға гуманитарлық көмек жөнелтті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жойқын зілзала аймағына зардап шеккендерге көмек көрсетуге арналған шатырлар, жылытқыштар, жылы киімдер және басқа да қажетті заттар жіберілген.
Гуманитарлық көмектің жалпы көлемі - 55 тонна.
"Жүк әуе көлігімен Түркияның Газиантеп қаласына кетті", - делінген хабарламада.