Фото: pexels.com
Қазақстан Республикасының үкіметі мен Марокко Корольдігінің үкіметі арасындағы ұлттық/жалпыазаматтық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойылды. Бұл туралы Ult.kz ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Аталған келісім екі ел азаматтарының сапарларын жеңілдетуге бағытталған және екіжақты қатынастарды одан әрі нығайтуға ықпал етеді.
Келісімге сәйкес, Қазақстан және Марокко азаматтары жарамды ұлттық/жалпыазаматтық паспорттардың негізінде екі елдің аумағына кіру, шығу, транзитпен өту және уақытша болу үшін визалық талаптардан босатылады.
Әрбір болу мерзімі кіру сәтінен бастап 180 күннің ішінде 30 күнтізбелік күннен аспауға тиіс.