Фото: gov.kz
Қазақстан Сирияға гуманитарлық көмек жіберді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жойқын жер сілкіністерінен зардап шеккен Сирия Араб Республикасына мемлекеттік материалдық резервтен 50 тонна көлемінде гуманитарлық көмек жіберілген.
Гуманитарлық жүктердің құрамына консервілер, жылы киімдер, қысқы шатырлар, кереуеттер мен төсек-орын жабдықтары кіреді.