23 мау, 2021 сағат 17:28

Қазақстан-Ресей шекарасында тауарлар контрабандасы анықталды


Батыс Қазақстанда бөгде адамдарды пайдалана отырып, тауарларды жалған жеткізгендігі анықталды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

2021 жылғы 11 маусымда Қазақстан-Ресей шекарасындағы «Сырым» өткізу пунктінде БҚО бойынша МКД экспорттық бақылау қызметкерлері 1189 313 рубль немесе 6 957 481 теңге сомасына халық тұтынатын тауарлары тиелген қазақстандық фирманың атына тиесілі Ресей Федерациясынан келе жатқан автокөлік құралы тоқтатылып, ұсталды. 

Деректерді талдау нәтижесінде қазақстандық фирманың тауар импортына қатысы жоқ екендігі анықталды. Ал жалғыз құрылтайшы мен басшы болып табылған тұлға ұйымның қаржы-шаруашылық қызметіне ешбір қатысы жоқ және спирттік ішімдік ішкені үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған, тұрғылықты жері жоқ адам болып шықты.

«Қазіргі уақытта іс бойынша барлық мән-жайлар анықталуда және ҚҚС төлемеу түріндегі бюджет шығындарының сомасы анықталуда. Барлық қатысы бар тұлғалар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылатын болады», - деді комитеттен.