Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова Қазақстан неге коронавирусқа қарсы сертификатталған дәрілерді сатып алмайтынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.
"Денсаулық сақтау министрлігі "Паксловид" (Paxlovid) сияқты коронавирусқа қарсы сертификатталған дәріні сатып алуды жоспарлап отыр ма" – деп сұрады журналист брифингте.
"Иә, қазір клиникалық хаттамаларды әзірлеушілер бұл бағытта белсенді жұмыс істеп жатыр. Әлемде коронавирусты емдеу үшін қолданылатын бірқатар дәрі-дәрмек бар екенін анықтап, зерттеп жатырмыз. Бірақ бұл препараттар зерттеудің барлық кезеңінен өткен жоқ. Бірқатар елдер жағдайға байланысты дәрі-дәрмектерді шұғыл қолдану бойынша ұсыныстар береді. Қазір клиникалық хаттаманы әзірлеушілер белсенді жұмыс істеп жатыр. Жақын арада нәтижелерді жариялаймыз", - деді Есмағамбетова.