Қазақстан мен Қырғыз Республикасының арасындағы көші-қон саласын реттеуді көздейтін заң жобасы әзірленетін болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Қазақстан мен Қырғыз Республикасы Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісім 2019 жылы 27 қарашада Бішкек қаласында жасалды. Келісім көші-қон процестерін реттеуді, қос азаматтық фактілерінің жолын кесуді, заңсыз көші-қонға қарсы күресті ұйымдастыруды көздейді. Келісімді ратификациялау екі елдің көші-қон саласындағы ынтымақтастығының тиімділігін арттырады», - деді заң жобасы жөнінде Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Қанат Мусин Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында.
Оның айтуынша, комитет аталған заң жобасын жұмысқа алуға және ол бойынша 2022 жылғы 25 мамырға дейін қорытынды әзірлеуге дайын.