Қорғаныс министрлігінде Қазақстан мен АҚШ-тың әскери ынтымақтастық мәселесі талқыланды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әскери ведомствода Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов пен Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы уақытша сенімді өкілі Джуди Куоның протоколдық кездесуі өтті.
"Тараптар бес жылдық жоспар шеңберінде бітімгершілік және тілдік даярлық, мамандарды оқыту салаларындағы екі елдің қорғаныс ведомстволарының өзара іс-қимылымен қатар ынтымақтастық мәселелерін талқылады", - делінген хабарламада.