12 жел, 2019 сағат 16:50

Қазақстан Қырғызстанмен шекара арқылы өткізу пункттері туралы келісімге өзгерістерді ратификациялады

Мемлекет басшысы «2003 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.