09 жел, 2019 сағат 16:31

Қазақстан киберқылмыспен күресте ТМД елдерімен ынтымақтасу жөніндегі келісімді ратификациялады

ҚР Президенті Қасым Жомарт Тоқаев «ТМД» мемлекеттерінің ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстармен күрестегі ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысы «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына» қатысушы мемлекеттердің ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстармен күрестегі ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», делінген хабарламада.