Қазақстанда 5 мамырдағы жағдай бойынша COVID-19 оң нәтижесімен 332 369 науқас және КВИ-мен 53 122 жағдай тіркелді. КВИ-мен ауыратын науқастардың 87%-ы сауығып шықты, оның ішінде 284 371 КВИ+ ауыратын науқастар және 51 935 КВИ-мен ауыратын науқастар. Эпидемиологиялық жағдай матрицасына сәйкес Қазақстан бір айдан астам уақыт жоғары қауіпті, яғни қызыл аймақта тұр, деп хабарлады ОКҚ брифингінде ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова.
Сондай-ақ, жоғары эпидемиологиялық аймақта (қызыл аймақта) 8 өңір бар: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар облыстары. Бүгінгі таңда орта эпидемиологиялық аймақта бес аймақ бар: Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл облыстары. Жасыл аймақта - төрт өңір: Қостанай, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстары.
«Соңғы үш апта ішінде сырқаттанушылық динамикасы іс жүзінде бір деңгейде сақталып отыр. Өткен аптада сырқаттанушылықтың 2%-ға төмендегені байқалады, өлім-жітім көрсеткіші өткен апта деңгейінде сақталып отыр», - деді Комитет басшысы.
Сырқаттанушылықтың ең көп өсуі Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарында байқалады.