Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр Қазақстан-Беларусь сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның XV отырысына қатысты. Бұл туралы "Ұлт ақпарат" primeminister.kz сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр және Беларусь Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Александр Турчин бастаған отырыстың барысында Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасындағы экономикалық ахуал туралы ақпарат алмасу болды, сондай-ақ Қазақстан-Беларусь сауда-экономикалық ынтымақтастығының ағымдағы жай-күйі мен даму перспективалары талқыланды.
Атап айтқанда, тараптар ҮАК XIV отырысының Хаттамасын іске асыру, екі елдің Үкіметтері арасындағы ынтымақтастықты дамытудың 2019-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру бөлігіндегі уағдаластықтар мен ұсынымдар туралы, Қазақсан мен Беларусь арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық және оны кеңейту перспективалары туралы, өнеркәсіптік кооперация мен техниканы жеткізу саласындағы, ауыл шаруашылығы мен азық-түлік өнеркәсібі саласындағы, денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы, мәдени-гуманитарлық саладағы, ғылым, технологиялар мен білім салаларындағы, ғарыш қызметі саласындағы ынтымақтастық туралы, сондай-ақ 2020 жылы Беларусь аумағында жоспарланған Үкіметаралық комиссияның XVI отырысын өткізу туралы келісті.
Отырыстағы сөзінде Роман Скляр, қабылданған шешімдер Қазақстан ‒ Беларусь ынтымақтастығының барлық бағыттары бойынша екіжақты қатынастардың дамуына қосымша түрткі беретініне, сондай-ақ кезекті рет Қазақстан мен Беларусь Республикасы арасындағы диалогтың қарқындылығының биік деңгейін көрсететініне сенім білдірді.
Сонымен қатар, Роман Скляр екі елде жаңа өндірістер пайда болып, Қазақстан мен Беларусь бір-біріне халықаралық стандарттарға сай және халықаралық сапа сертификаттары бар жоғары сапалы өңделген өнімді бәсекелестік баға бойынша жеткізе алатынын атап өтті. Осымен, бизнесті жүргізу үшін жасалып жатқан жағдайлар біздің елдерді кәсіпкерлер мен инвесторлар үшін тартымды қылуға мүмкіндік берді.
Бүгінгі күнде Қазақстанда Беларусьтың қатысуымен 340-тан астам заңды тұлғалар, филиалдар мен өкілдіктер жұмыс жасайды. Осы жағдайда ҮАК міндеті – кәсіпорындар мен бизнес-серіктестердің өзара тиімді және табысты ынтымақтастығы үшін қолайлы жағдайлар жасау.
Өз кезегінде, Беларусь Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Александр Турчин өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік, фармацевтика, медицина және АТ салаларындағы беларусьтық және қазақстандық кәсіпорындардың ынтымақтастығын перспективті деп айтты. Бұдан өзге, А. Турчиннің айтуынша өндірістік кооперация ынтымақтастықтың басым бағыттарының қатарында қала береді.
Александр Турчин бірлескен өнеркәсіптік, ғылыми, инженерлік-техникалық және кадрлық әлеует күрделі жобаларды, соның ішінде өндірістерді оқшаулаудың жоғары дәрежесімен іске асыруға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.