Фото: pexels.com
Қазақстан азаматтарына Украина аумағынан кетуге кеңес берілді. Сонымен қатар, азаматтардан әуе шабуылы туралы ескертуді елемеуді және биліктің ұсынымдарын орындауды сұрайды, деп хабарлайды Ult.kz елшілікке сілтеме жасап.
"Өсіп келе жатқан шиеленіске байланысты және қауіпсіздік мақсатында Қазақстан Республикасының Украинадағы елшілігі Қазақстан азаматтарына Украина аумағынан кету мүмкіндігін қарастыруды ұсынады", - делінген Қазақстан Республикасының Украинадағы елшілігінің ресми Telegram-арнасында.
Қазақстандықтар Польша немесе Молдова арқылы жер үсті маршруттарын, әрі қарай коммерциялық әуе рейстерін пайдалана алады. Сонымен бірге, Польша арқылы шығу үшін шенген визасы болуы қажет.
Молдаваға кіру үшін виза талап етілмейді. Сонымен қатар, елшілік барлық азаматтарды әуе шабуылы туралы ескертуді елемеуге және дереу паналауға баруға, жеке қауіпсіздік шараларын сақтауға және ресми биліктің ұсыныстарын орындауға шақырады.
Елшіліктің консулдық бөлімінің байланыс нөмірі: +38(044) 4831596; +38(044) 4891031.
Қазақстан азаматтарына арналған жедел желі (шұғыл жағдайларда): +380673470408.