25 мам, 2021 сағат 11:08

Қазақстан аумағында «үнді» штаммы тіркелмеді


Қазақстан аумағында коронавирустың «үнді» штаммы тіркелген жоқ. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Біз жаңа мутацияларды анықтау мақсатында республика аумағында таралып жатқан коронавирустың штамдарына генетикалық зерттеулерді тұрақты негізде жүргізіп отырамыз. Мәселен, осы жылдың сәуір айында анықталған үлгілерді зерттеудің қорытындысында «британдық» штамның айналымда жүруі үлгілердің 30 пайызында анықталды. Ал республика аумағында «үнді» штамының айналымда болуы анықталған жоқ», - деді ҚР Денсаулық сақтау министрі.