17 нау, 2022 сағат 21:00

Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы әйелі ұсталды


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлына, оның бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдыға және басқа да тұлғаларға рейдерлік жолмен бизнесті тартып алу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

"Осы жылдың 16 наурызында Г.Сатыбалды Қазақстан Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес ұсталып, Нұр-Сұлтан қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Өзге мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 13 наурызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлының ұсталғаны туралы ақпарат таратты. Ол "Қазақтелеком" АҚ-ның қаражатын аса ірі көлемде жымқырғаны үшін айыпталып отыр. Сондай-ақ мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Қайрат Сатыбалдыұлы Алматы облысының аумағында ұсталды. Ол Дубайға ұшып кетпек болған.