Тұңғыш президенттің жиені Қайрат Сатыбалды бостандыққа шықты. Бұл туралы журналист Михаил Козачков Telegram-дағы арнасында хабаралды.
Оны бостандықта колониядан оны бауыры Самат Әбіш қарсы алған. Самат Әбіш те лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін шартты түрде 8 жылдық жазасын өтеп жатыр.
Айта кетейік, Қайрат Сатыбалды Қылмыстық кодекстің 28-бабы 3-бөлігі, 189-баптың 4-бөлігі 2) тармағы (сеніп тапсырылғанның мүлкін жымқыру), 28-баптың 3-бөлігі, 195-баптың 2-тармағы (ұрлық жасау мақсатынсыз залал келтіру) бойынша мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызмет атқару құқығынан 10 жылға дейінгі мерзімге айырыла отырып, 6 жылға бас бостандығынан айыруылған.
Ал биылғы тамызда оның үкімі өзгерді. жазаның өтелмеген бөлігі 3 жыл 3 ай 7 күн мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға ауыстырылды.
ШҚО соттары таратқан мәлімет бойынша, сотталған өтінішхатын қолдап, оны қанағаттандыруды сұрады. Негіз ретінде өзінің оң мінездемесін, үкім бойынша залалдың орнын толтырғанын, сондай-ақ жалпы сомасы 700 млрд. теңгеден астам мүлікті және өзге де қаражатты өз еркімен мемлекетке қайтарғанын айтқан.
ҚК-нің 73-бабы ауырлығы орташа қылмыстар немесе ауыр қылмыстар үшін сотталған адамды жазаның өтелмеген бөлігінің қалған бөлігін мынадай жағдайларда неғұрлым жеңіл жаза түрімен алмастыру мүмкіндігін көздейді:
- - жаза мерзімінің кемінде 1/3 бөлігін өтегеннен кейін;
- келтірілген залал толық өтелген жағдайда;
- не жазаны өтеу тәртібін қасақана бұзушылықтардың болмауы.
Осылайша сот сотталушының өтінішхатын қанағаттандырды және бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның өтелмеген бөлігін 3 жыл 3 ай 7 күн мерзімге бас бостандығын шектеуге ауыстырды.