21 қаз, 2019 сағат 11:53

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тіл мамандары жаңа әліпбиді жетілдіруі керек»

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұловаға жаңа әліпбиді жетілдіру жөнінде тапсырма берді, – деп хабарлайды «Ұлт ақпарат». Бұл туралы ҚР Президенті Қ.Тоқаев өзінің Twitter-дегі парақшасында жазған.

«Әліпбиді латын қарпіне көшіру туралы тарихи шешімнің қабылданғанына екі жылға жуықтады. Бірақ қарпімізде әлі де олқылықтар бар. Тіл мамандары жаңа әліпбиді жетілдіруі керек. Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұловаға тиісті тапсырма бердім. Алдымызда ауқымды жұмыс тұр», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.