27 қар, 2019 сағат 13:50

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қырғызстан Президентімен бірқатар келісімдерге қол жеткіздік»

Бүгін Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбековпен келіссөздер барысында маңызды мәселелер талқыланды, – деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

Бішкекте Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы Жоғары мемлекетаралық кеңесінің отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бауырлас қырғыз жерінде ыстық ықыласпен қарсы алып, жылы қонақжайлылық көрсеткені үшін алғыс айтты.

 «Сіздің қырғыз еліне мемлекеттік сапармен келуге шақыруыңызды зор ризашылықпен қабыл алдым. Бұл соңғы жарты жылдағы біздің үшінші келіссөздеріміз. Осындай тығыз жұмыстың нәтижесіне кең ауқымды бағыттар бойынша екіжақты байланыстардың жандануы – елдеріміздің жақындасуына және халықтарымыздың әл-ауқатын жақсартуға оң ықпал етеріне кәміл сенемін. Осыған дейін шағын құрамда біз маңызды мәселелерді талқылап, бірқатар келісімдерге қол жеткіздік» ҚР Президенті.

Жасалған келісімдердің екі ел үшін де пайдасы зор екенін айта келе, «Қазір өтіп жатқан Жоғары мемлекетаралық кеңесті мемлекеттеріміз арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтудың тағы бір тамаша мүмкіндігі деп білемін» деді Мемлекет басшысы.