16 жел, 2019 сағат 09:22

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады, – деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

«Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан тарихының жаңа дәуірі басталды. Бізге даму мен жасампаздықтың жаңа мүмкіндіктері туды. Мемлекетіміз халықаралық деңгейде мойындалып, тиімді басқару жүйесі мен қуатты экономика құрды» деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында.