«Kaspi Bank» АҚ бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасаған күдіктінің бірі Орал қаласында ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің айтуынша, Алматы қаласының 28 жастағы тұрғынын криминалдық полиция және арнайы жасақ қызметкерлері Оралдағы үйлердің бірінен бүгін сағат 10.00 шамасында қолға түсірді.
Биылғы 15 қазанда Алматы қаласындағы «Kaspi Bank» АҚ бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасалып, белгісіз екі адам атыс қаруымен қорқытып, қаражатты алып кеткен болатын.
Осы дерек бойынша Алматы қаласы полиция департаменті Алмалы ауданының полиция бөлімі ҚР ҚК 192-бабы 3- бөлігіне сәйкес тергеу амалдарын жүргізуде.
«Соған байланысты күдікті бұдан кейін Алматы қаласына жеткізілетін болады», деді Белгібеков.