ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2020 жылғы желтоқсанда халықпен өзара іс-қимыл жасайтын қаржы және өзге де ұйымдардың жарнама қызметіне жүйелік мониторинг жүргізді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Агенттік микроқаржы ұйымдары мен ломбардтарға қатысты жалпы сомасы 5,7 млн теңгеге айыппұл салу туралы 30 әкімшілік жаза қолданып, 9 жазбаша ұйғарым шығарды.
«TAS CREDIT» микроқаржы ұйымы» ЖШС-ға бұқаралық ақпарат құралдарында (БАҚ) жарияланған күнгі қызметіне сәйкес келмейтін жарнаманы тарату немесе орналастыру түріндегі әкімшілік құқық бұзғаны үшін 416 700 теңге айыппұл салынды.
ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен есептелген жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің мөлшерін көрсетпеу түріндегі әкімшілік құқық бұзғаны үшін «Ломбард «Пятачок» ЖШС-ға, «Ломбард Доверие» ЖШС-ға, «0,18% Lombard» ЖШС-ға, «Алтын Ломбард» ЖШС-ға, «Ломбард Кредит kz» ЖШС-ға, «ЛОМБАРД СТОЛИЧНЫЙ КЗ» ЖШС-ға, «Тез Ломбард» ЖШС-ға, «Цифра Ломбард» ЖШС-ға, « Экспресс займ МҚҰ» ЖШС-ға, «Ломбард «Срочно деньги» ЖШС-ға, «Ломбард Status&Ko» ЖШС-ға, «Ломбард «Народный KZ» ЖШС-ға, «Ломбард «Агат-Т» ЖШС-ға қатысты 4,7 млн теңге айыппұл салынды.
«Микроқаржылық қызмет туралы» ҚР Заңында көзделмеген қызметті жүзеге асырғаны үшін «Лидер – Капитал 168» МҚҰ» ЖШС-ға 555 600 теңге айыппұл салынды.
Микрокредит беру туралы үлгі шарттардың ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес болмағаны үшін «Адиль-Ломбард» ЖШС-ға, «Ай-Н Ломбард» ЖШС-ға, «Ломбард-Қаржы» ЖШС-ға, «Ломбард «ҰЛЫ ШЫҢ» ЖШС-ға, «Голд-Юг-Ломбард» ЖШС-ға, «Ломбард «Комфорт» ЖШС-ға, «Оңтүстік Финанс-Ресурс» кредиттік серіктестігі» ЖШС-ға, «Creditum» микроқаржы ұйымы» ЖШС-ға, «TESQUA FINANCE» МҚҰ» ЖШС-ға 9 жазбаша ұйғарым жіберілді.
Бұдан басқа, қайта тіркеуден өтпеген және есептік тіркеуден өту үшін өтініш бермеген ломбардтарға қатысты Агенттіктің өңірлік басқармалары жұмыс істеп жатыр.
2020 жылғы желтоқсанда екінші деңгейдегі банктерге, бағалы қағаздар нарығының және сақтандыру нарығының субъектілеріне қатысты бұзушылықтар, сондай-ақ заңсыз іс-қимыл және алаяқтық фактілері анықталған жоқ.
Халықпен өзара іс-қимыл жасайтын қаржы және өзге де ұйымдардың жарнама қызметіне алаяқтық және басқа заңсыз әрекеттердің болу мүмкіндігі тұрғысынан:
- Агенттікке, оның ішінде Агенттіктің сұрау салуы бойынша қаржы және өзге де ұйымдар ұсынған құжаттар мен ақпарат;
- жеке және заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан келіп түскен өтініштер, құжаттар мен ақпарат;
- қаржы және өзге де ұйымдардың интернет-ресурстары;
- әлеуметтік желілер («Facebook», «Twitter», «Instagram», «ВКонтакте», «Telegram»);
- қаржы және өзге де ұйымдардың мобильдік қосымшалары;
- теле-, радиоарналардағы, қоғамдық көліктегі, мерзімді баспасөз басылымдарындағы жарнама, сондай-ақ сыртқы жарнама тексеріледі.
Мониторинг Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында және ҚР облыстық орталықтарында жүргізілді.