Қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінген вайнер Азимжан Саидбаевқа іздеу жарияланды. Бұл туралы Алматы полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақстан Республикасы ҚК-нің 2-тармағы 3-бөлігінің 217-бабында (қаржылық «инвестициялық» пирамиданы құру және оған басшылық ету) көзделген қылмысты жасады деген күдік бойынша біз Қырғызстан Республикасының тумасы, 30.09.1986 жылы туған Азимжан Саидбаевты іздестірудеміз. Бұлтартпау шарасы: күзетпен ұстау», - делінген хабарламада.
Полицейлер іздеуде жүрген адам туралы қандай бір мәлімет болса +7 701 758 67 60, +7 708 683 94 33 және 8 (727) 254 43 51 телефондары арқылы хабарлауды сұрайды.
Бұған дейін Танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев, Мейірхан Шерниязов қаржы пирамидасын құрды деген күдікпен ұсталғаны туралы жазған болатынбыз.