11 қаз, 2019 сағат 10:26

Қаржы министрлігі Астана LRT-ның қаржылық есептеріне қатыспаған

ҚР Қаржы министрлігі LRT жобасы бойынша экономикалық негіздемені бекіткен жоқ. Бұл туралы бірінші қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«LRT бойынша Қаржы министрлігі экономикалық негіздемені бекіткен жоқ. Заңнама талаптарына сәйкес, LRT-ны әкімшінің өзі бекітеді», - деді Б. Шолпанқұлов Парламент Сенатында тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Оның атап өтуінше, Қаржы министрлігі жобаның қаржылық есеп-қисаптарына қатыспаған.

Еске салсақ, Президент LRT құрылысын жеделдетуді және оған қатысты істі тергеуді тапсырды.

Бұған дейін LRT-ның құрылысы уақытша тоқтатылғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Сонымен қатар жақында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Астана LRT» ісі бойынша бірқатар жалған кәсіпорын тергеліп жатқанын мәлім етті.