31 там, 2022 сағат 19:02

Қарин шетелде кадрлар даярлау жөніндегі комиссия отырысын өткізді


Ерлан Қарин Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссиясының отырысын өткізді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Комиссия шешімімен магистратура, докторантура, резидентура бағдарламасы бойынша 84 азаматқа "Болашақ" халықаралық стипендиясы берілген.

Отырыс барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Болашақ" бағдарламасын қайта бағдарлау жөніндегі тапсырмасын орындау мәселесі талқыланды. Инженерлік-техникалық кадрларды даярлауға басты назар аударылды.

Биыл магистратура мен резидентурада оқу үшін 385 стипендия, докторантураға 60 стипендия бөлінді. Отырыс қорытындысы бойынша Мемлекеттік кеңесші бірқатар нақты тапсырма берді.