14 жел, 2020 сағат 12:01

Қарашығанақ кенішінде 67 млн теңгенің кабелін жымқырған қызметкер ұсталды

Қарашығанақ кенішінде 67 млн астам теңгенің кабелін ұрлаған қызметкер ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, компания қызметкері Қарашығанақ кенішіндегі зауыт аумағынан биылғы 5 маусым мен 28 қазан аралығында 7047 метр кабель жымқырған.

Полиция қызметкерлері 42 жастағы К-ны қолға түсірді. Ол зауыт қызметкері болғандықтан, еркін кіріп, 67 млн астам теңгенің мүлкін жасырын жымқырған.

Қазіргі кезде аталған дерек бойынша ҚР ҚК 188-бабы 4-бөлігіне (ұрлық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.